ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ ҰШТАСТЫРҒАН ҰТЫМДЫ ЕҢБЕК

ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ ҰШТАСТЫРҒАН ҰТЫМДЫ ЕҢБЕК

ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ ҰШТАСТЫРҒАН  ҰТЫМДЫ ЕҢБЕК
ашық дереккөзі
463

Қазіргі таңда біздің қоғам үшін ата дәстүріміз аса маңызды десек, дәстүрі жоғалған халықтың өркениеті де әлсірейді. Сондықтан оны  сабақтастырып сөз қозғаудың игі әсер-ықпалы мейлінше зор. Бүгінгі ұрпақ үзіле жаздаған салт-санамыз бен Ислам негіздерінің үйлесім тапқан тақырыптарымен жете танысқаны жөн. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» атты кітабында осыны дөп басып таныта білуі – құнды еңбектің ерекшелігінің бір қыры. Кітаптың тілі жеңіл болуымен қатар өте тартымды, құндылығы жоғары. Оқырман қызығушылығын еселеп, көптеген құндылықтарға жол аша түседі. Кітаптың бастапқы беттерінде автор жат ағымдардың теріс ықпалынан арыла алмай жүрген жандарға қарата былай деп бағыт береді: «Ендеше қазірде ортамызға от ала келген ағымдар мен пікірлік-ділдік басқыншылыққа қарсы тек сол дәстүрлі мұсылманшылығымыз арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Өйткені дін әрбір ұлтты ұлт етіп қалыптастыратын, тілі мен ділін, мәдениетін, мемлекетшілдігін, ойлау жүйесін жаңа деңгейге көтеретін бірден-бір фактор», – деп өрелі ой қозғаған дінбасы бүгінгі қоғамдағы зерделейтін көкейкесті мәселелерді де қамтыған. Тәуелсіз елдің келешек ұрпақтарын дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін осындай басылымдардың ел ішіне молынан таралуы құптарлық іс болды. Ислам дінінің жыл өткен сайын халық жүрегінен тереңірек орын алып келе жатқандығы, қазақ қоғамының мұсылманшылық пен имандылыққа бетбұрысы артып отырған тұста елеулі еңбектің әлі де жалғасын табуына тілектеспін.

Тілеубек Зейнешов,

Қарағанды ардагерлер 

кеңесінің төрағасы, 

Қазақстанға еңбегі сіңген  қайраткер  

     

Серіктес жаңалықтары