«ЭЙР АСТАНА» ЖАҢА ҰШАҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

«ЭЙР АСТАНА» ЖАҢА ҰШАҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

«ЭЙР АСТАНА» ЖАҢА ҰШАҚПЕН ТОЛЫҚТЫ
ашық дереккөзі
222

«Эйр Астана» әуе паркі Эйрбас А320 ұшағымен толықтырылды. Эйрбас ұшағы Франциядағы зауыт өндірушіден қараша айында жеткізілді. Эйрбас концернімен 6 ұшақты әкелу туралы келісім 2008 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Францияға сапары барысында бекітілген болатын. Осылайша «Эйр Астана» аталмыш әуе лайнерлерін сатып алу жобасы біртіндеп іске асып келеді. 

Біз өзіміздің инвестициямызбен заманауи, сенімді және сапалы ұшақтарды алып отырғанымызға қуаныштымыз. Ұшақтың бұл түрі әуе сипаты жоғары және шарклетті қанатының арқасында жанармайды өзгелерге қарағанда азырақ қолданады. Бұл өз кезегінде қауіпті жағдайлардың да алдын алады. Осындай бастамаларға кірісе отырып, біздің компания жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізіп, қоршаған ортаға келер зиянды азайтады, – дейді «Эйр Астананың» президенті Питер Фос­тер. 

Алғашқы рейсінде ұшақ Астанадан Қызылордаға ұшты. Ұшақ бортында 148 жайлы орындық бар, 16 орын бизнес клас, 132 орын эконом класқа арналған. Әуе лайнері орта қашықтағы ішкі және халықаралық бағыттарда рейстер орындауға арналған. «Эйр Астананың» соңғы 14 айда сатып алған 7 меншікті әуе кемесі. Жыл соңына дейін тағы да меншікті екі Боинг-767 ұшағы мен Эмбраер-190 сатып алынбақшы. Нәтижесінде әуе парктің жасы 6 жасты құрайды, бұл әлемде жас парк болып саналады. 

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары