Екі әйел күйеулерін қуанту үшін сәбилерін айырбастаған

Екі әйел күйеулерін қуанту үшін сәбилерін айырбастаған

Екі әйел күйеулерін қуанту үшін  сәбилерін айырбастаған
ашық дереккөзі
243

Бірі ұлға, бірі қызға зар болған аналар перзентаханада сәби алмасқан. Осыдан бірер жыл бұрын Алматы облысында болған жаға ұстатарлық оқиға туралы жуырда куәгерлер баяндап берді, деп хабарлайды nur.kz.

Нәресте айырбастаған әйелдердің бірі Алматы облысының тұрғыны, ал екіншісі Қарақалпақстаннан келген оралман. Келіншектер бір-бірімен перзентханада танысыпты. 4 ұлдан кейін тағы да ұл босанған оралман әйел 6-шы перзенті де қыз бала болып шыққан замандасымен келісім жасасқан. Жастарының қырыққа таяп, өмірден тілегендері болмаған қос ана бұл қадамға күйеулерін қуанту үшін барған көрінеді. Екеуі де перзентханадан өз құрсағынан шықпаған балаларды алып шығып, бауырларына басқан. Алайда бұл өтіріктің арты сәбилердің туу туралы куәліктерін жасату кезінде ашылады. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қыз баланың жынысы «ұл» деп көрсетілген, ал ұл балаға дәрігерлер берген медициналық карточкада «қыз» деген жазуды оқыған соң, құзырлы органға шағымданып, құжат беруден бас тартқан. Бастапқыда тәртіп сақшылары аталған іске перзенхана дәрігерлерін кінәлап, барлығынан түсінік алыпты. Артынша қатты қорыққан аналар бар шындықты жайып салған. Ақырында олардың заңсыз ісі сотқа өтеді. 9 айға созылған сот процесінде қос ана мен олардың жұбайлары бұл істен ағаттық көрмейтіндерін айтқан. Тіпті, сәбилерді ауыстырғанға өкінбейтіндерін айтып, тоғыз ай бойы емізіп, өсіргендіктен бауыр басып қалған сәбилерін айырмауды өтінеді. Судья алдына жалынып келіп тұрған екі анаға қарсылық білдіре алмаған. Екі отбасы соттың рұқсатын алып, құжаттарын реттеп алыпты. Өзгенің баласын өз атына жазып алған қарақалпақстандық қандастар келген іздерімен қайта кетіп қалған.

Серіктес жаңалықтары