ҚАРАҒАНДЫДА ТОҒЫЗ ӘКІМ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА ТОҒЫЗ ӘКІМ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА ТОҒЫЗ ӘКІМ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ
ашық дереккөзі
256

Әкімшілік реформаға сәйкес, әкімдерді та­­ғайындау мен қайта тағайындау жұмыс­тары жүргізілді. Өңір басшысының бас­­пасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9 әкім жаңадан тағайындалса, тағы то­ғы­зы сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің бұ­рынғы орындарын сақтап қалды.

«Абай ауданының әкімі болып, бұрын Қарағанды әкімінің орынбасары болған Алтай Елжасов тағайындалды. Ақтоғай ауданын «Басқарушы инвестициялық компания» АҚ тағам қауіпсіздігін қадағалау басқармасының бұрынғы бастығы Ниқанбай Омарханов басқарады. Бұқар жырау ауданының әкімі болып бұған дейін Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Нүркен Қобжанов тағайындалды. Ұлытау ауданының әкімі болып, бұған дейін облыстық тілдерді дамыту басқармасына жетекшілік еткен Хамит Омаров белгіленді. Ұлытау ауданының бұрынғы басшысы Әнуар Омаров Сәтбаев қаласының әкімі ла-уазымына тағайындалды», – деп хабарлады кадрлық өзгерістер туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық табиғи ресурстар мен­ табиғатты пайдалануды реттеу бас­қармасын басқарған Серік Шайдаров Жезқазған қаласының әкімі қызметіне та­ғай­ындалды. Облыстық Энергетика және ТКШ басқармасын басқарған Мұхтар Адамбековке Саран қаласының әкімі қызметінің міндеті жүктелді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атын­дағы аудан әкімі қызметіне Рүстем Қаб­жа­нов тағайындалды. Бұған дейін ол «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК «Жамбыл Петролеум» ЖШС-нің Астана қаласындағы өкілінің орынбасары қызметін атқарған. Октябрь ауданының басшысы болып, бұрын Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ержан Темірханов тағайындалды.

«А» корпусы әкімшілік мемлекеттік қыз­мет кадрлық резервіне іріктеу сы­на­ғынан сүрінбей өтіп, өз лауазымдарын сақтап қалғандар: Балқаш қаласының әкімі – Нұрлан Әубәкіров, Қаражал қаласының әкімі – Қайрат Шорманбаев, Приозерск қаласының әкімі – Қайрат Қамзин, Шахтинск қаласының әкімі – Александр Аглиулин, Теміртау қаласының әкімі – Нұркен Сұлтанов. Сондай-ақ, Жаңаарқа ауданының әкімі Ғабдрахман Омаров, Қарқаралы ауданының әкімі Қалел Мақсұтов, Осакаров ауданының әкімі Сержан Аймақов, Шет ауданының әкімі Рысқали Әбдікеров өз орындарында қалды.

Ал Жанат Ысқақов Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінің қызметінен босатылып, Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының қызметіне тағайындалды.

Қарағанды облысынан конкурстық іріктеуге 96 адам қатысты. Солардың ішінен ел заңнамасынан тест тапсыруға 87 үміткер жіберілді, тестілеудің шекті деңгейінен 59 үміткер өтті, «А» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадрлық резервіне 47 адам қабылданып отыр.

  

Ермек Жексенбай

Серіктес жаңалықтары