ЖАҢА ЦЕХ МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАДАН ӨТТІ

ЖАҢА ЦЕХ МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАДАН ӨТТІ

ЖАҢА ЦЕХ МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАДАН ӨТТІ
ашық дереккөзі
297

Жаңа кәсіпорында 350-ге тарта жұмысшы еңбек ететін болады. Бұл кәсіпорында аталмыш цехтан басқа, 1000 бірлік арнайы техникаға қызмет көрсетуге арналған сервистік орталық, ұңғыларды бастыру үшін сұйықтық дайындау жөніндегі участоктар, металломдарды сақтау және кәдеге жаратуға арналған жинақтау орны, «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай базасы, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына сервистік қызмет көрсету цехы, Жаңаөзен қаласында көкөніс сақтау, медциналық орталық құрылыстары іске асырылады. Сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» АҚ көліктік құрылымдық кәсіпорындарының нысандары мен автожолдары да арнайы жөндеуден өтпек. Өндірісті жаңғыртуға жұмсалатын жалпы инвестиция көлемі – 100 млрд. теңгеден асып отыр.

2012-2013 жылдары жұмысшылардың еңбек ету және демалыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатына арналған бірқатар жаңа әлеуметтік-мәдени нысандар пайдалануға тапсырылды. Олар: мәдениет үйі, асханалар, жатақханалар және тұрмыстық-шаруашылық нысандар кешені. Жаңадан ашылған цех ТМД аумағында болмаған ерекше өндірістік нысан болып саналады. Цех құрылысына «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ 4,799 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлді. Бір цехтың қуаттылығы жылына 400 мың дана сораптық-компрессорлық құбырды, 300 мың дана сораптық штанганы және 10 мың дана тереңдік сорапты жөндеуге мүмкіндік береді.

Аталмыш

нысан өндірістік цех және әкімшілік-тұрмыстық кешеннен тұрады. Өндірістік цехта негізгі цех және дайын өнімдер, жабдықтарды қабылдау және жуып тазарту үш участогы бар. Негізгі цехта сораптық-компрессорлық құбырларды жөндеу бойынша екі қатарлас желі және сораптық штанганы жөндеу бойынша бір желі және штангалық тереңдік сораптарды жөндеу участогы орналасқан. Әкімшілік-тұрмыстық корпус басқару қызметкерлерінің жұмысына арналған. Бұдан басқа, мұнда жұмысшылар үшін тұрмыстық және қызметтік бөлмелер бар. «Өзенмұнайгаз»АҚ цех болашақ жұмыскерлерінің «Құмкөл» өңірлік сервистік орталығында, Ресей Федерациясының Пермь, Ноябрьск қалаларындағы оқыту орталықтарында оқып, тәжірибе жинауы үшін арнайы тренинг бағдарламалар дайындады. Оқыту бағдарламаларының нәтижесінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың 30-дан астам маманы цехтың жоғары технологиялық жабдықтарында жұмыс істеуге тәжірибе жинады.

«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітовтің пікіріне сүйенсек, жаңа цехты іске қосу, мұнай өндіруді арттырып, тұрақтандыруға, сондай-ақ ұңғымалар жұмысының жөндеуаралық кезеңін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кәсіпорынның өндірістік және экологиялық қауіпсіздік деңгейі артады.

«Бұрғылау жұмыстары басқармасы өндірістік базасының, Қаражанбас және Қаламқас кен орындарында вахталық қалашықтардың, «Өзенмұнайгаз» АҚ-да жатақхана және асхананың пайдаланылуға берілуімен қатар, Жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехының құрылысы – біздің кәсіпорындардағы кең көлемдегі технологиялық жаңғырту жұмыстарының басы ғана. Сондықтан Өзен кен орнында технологиялық жаңғырту бағдарламасы одан әрі жалғасын таппақ. Ендігі кезекте, кен орындарында жаңа өндірістік базалар құрылысы тұр, – деді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Абат Нұрсейітов мырза.

Шынар САМЕТОВА

Серіктес жаңалықтары