Ле-Бурже Париж авиашоуындағы «Эйр Астана»

Ле-Бурже Париж авиашоуындағы «Эйр Астана»

Ле-Бурже Париж авиашоуындағы «Эйр Астана»
ашық дереккөзі
252

 Ең ірі, ескі және беделді авиасалон 1908 жылдан бері екі жылда бір рет өтіп келеді.   Бұл ең ірі коммерциялық оқиға әскери және азаматтық ұшақтарды әлеуетті сатып алушыларға көрсетуге арналған. 2011 жылдың авиашоуында 2 100-ден астам компания 150-ден астам ұшақтарымен қатысқан екен.  Үш күннің ішінде авиасалонға 465 мыңнан астам қонақтар келіп, тамашалапты. 

Embraer 190 ұшақтары орта қашықтағы тар фюзеляжды жолаушы ұшағының Е топтамасының үлгісіне жатады. Ұшақтың жолаушы сыйымдылығы 97 орын. Ең үлкен жылдамдық – 890 км/с. Ұшу алыстығы – 4200 км. Техникалық қызмет көрсетуге төмен шығындар, отынды пайдалану тиімділігі және бөлшектерді сәйкестендіру барынша пайдаланылу шы­ғындарды қысқартуға мүмкіндік береді, ал салонның конфигурациясы мен кең креслолар жолаушыларға жайлы сапар шегуіне мүмкіндік береді. 

Бүгінде  «Эйр Астана» әуекомпаниясының осы үлгідегі 7 ұшағы бар. Оның ішінде үшеуі өз меншігінде. 2012 жылдан бастап, ұлттық әуетасымалдаушы меншікті әуе кемелерін Қазақстанның қайраткер әйелдерінің аттарымен дәстүрлі түрде атап келеді. Париж авиа­шоуына қатысқан әуелайнер «Эйр Астана» флотына 2013 жылдың наурыз айында енген. Бұл әуелайнер Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және «Тарлан» сыйлығының иегері Әмина Өмірзақованың есімімен аталған. Жаңа әуелайнер Алматы мен Астанадан Орталық Азияға, Ресей және Кавказға рейстер орындайды.

Серіктес жаңалықтары