Арнайы топ ел аралауға шықты

Арнайы топ ел аралауға шықты

Арнайы топ ел аралауға шықты
ашық дереккөзі
239

2013 жылғы 16-20 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шараларын ұйымдастыру, төл Қарулы Күштеріміздің оң беделін арттыру және қоғамда әскери қызметті насихаттау, Мемлекеттік жас­тар саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қорғаныс министрлігінде құрылған кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларына арнайы сапарға шықты. 

Ақпараттық-насихаттық топқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов жетекшілік етуде.

Сапар барысында аталған топ мүшелері Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында жиын өткізді. Мұнда Ақтөбе әскери гарнизонының әскери бөлім командирлері кешенді топ алдында Елбасының  Жолдауы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар төңірегінде есеп берді. Топ мүшелері әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, Қарулы Күштер ардагерлеріне «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің  мәртебесі туралы» Заң бойынша  кеңестер берді. Әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында топ басшысы Ақтөбе облыстық әкімшілігінің  өкілдерімен кездесіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, кешенді топ жетекшісі облыс ардагерлерінің және гарнизон әскери қызметшілерінің алдында қойылған сауалдарға жауап берді.   Жиын соңында кешенді топ құрамындағы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінің мүшелері жиналғандарға өз өнерлерін көрсетті. 

Серіктес жаңалықтары