Мейірбике ісі: кеше, бүгін, ертең
Мейірбике ісі: кеше, бүгін, ертең
Сондықтан да бүгінде еңбек нарығына қабілетті медицина мамандарын дайындау мен денсаулық сақтау саласының сапасын жақсарту білім беру ошақтарына жүктелген басты міндет.
Айта кету керек, денсаулық сақтау саласына енгізілген ұлттық бірыңғай жүйе, сондай-ақ 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жаңа бағыттарды қалыптастырып, мейірбике ісінің бәсекелестігін арттыруға септігін тигізді. Әрі осы салаға қатысты өткір мәселелер Елбасының жыл сайынға халыққа жолдауында айтылып келеді. Осы міндетті орындауға біздің оқу орнының да үлесі басым. Алматы Медициналық колледжі отыз жыл бойы денсаулық сақтау саласын бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген мейірбике мамандарымен қамтамасыз етуге күш ф. Бүгінде мейірбике ісін дұрыс жолға қоюдың бір жолы – халықаралық қатынастар арқылы шет мемлекеттермен байланысты дамыту болып табылады. Осы тұрғыда Амстердам қаласындағы Медициналық орталықпен меморандумға қол қойып, колледж аясындағы «Қазақстандағы жұқпалы аурулардың алдын алуға көмек көрсету және емдеу» халықаралық жобасын жандандыруды үлкен жетістік ретінде санауға болады. Әріптестіктің негізгі бағыты мейірбике ісін жетілдіру мен Қазақстан мейірбикелерін оқыту, даярлау жүйесін көпсалалыға айналдыру екені сөзсіз. Атап айтқанда, кіші мейірбике ауруды күтуден бастап, ұйымдастыру менеджеріне дейінгі міндетті, сондай-ақ емдеу мекемелерінде жұқпалы дертті қадағалау жүйесіне мейірбике ісін енгізуді алға қояды. Ал біздің колледжіміз осы жолда 10 жыл бойы эксперименттік аймақ болып белгіленді.
Оқу орын Денсаулық сақтау минстрлігі және шетелдік әріптестер, басқа да көптеген оқу орны тарапынан көпсалалы мейірбикелер даярлау ісі бойынша жоғарғы бағаға ие болды. Яғни, бұл қалалық денсаулық сақтау жүйесінің мейірбике ісін даярлаудағы ең дұрыс реформа ретінде танылды. Бұл дегеніміз мейірбике ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, мектептегі денсаулық пункттерінің менеджері, қалалық мейірбике ісін дамыту бағдарламасын жасау қызметтерін енгізумен астасып жатыр. Әрине, бізге артылған үлкен сенім колледждің шығармашылық өмірбаянына, педагогикалық ұжымына ерекше қолдау білдіреді.
Алматы қаласының мейірбике ісін дамыту мен қалыптастыру әрқашан да ерекше назар аударуды талап етеді. Алматы қаласында алғаш рет 1991 жылы мейірбике ісі жөніндегі бас маман қызметінің штаты тағайындалды. Бұл мейірбике ісіне кәсіби көзқарас танытудың, қоғамдық көрсеткіштің дәлелі іспетті. Екі онжылдық ішінде мейірбике ісіне түбегейлі өзгеріс енді. Мейірбике ісі мен фармацев қызметкерлері өткізген екі съезд де жаңаша леп әкелді. 2000 жылы өткен бірінші басқосуда білім саласындағы стратегиялық тапсырмалар мен мейірбике ісіндегі тәжірибе анықталып, мейірбикелердің ұлттық қауымдастығын құру және халық денсаулығын сақтауға әрі нығайтуға бағытталған мейірбикелерді даярлау мәселесі кеңінен сөз болғанды. Ал медицина қызметкерлерінің екінші Ұлттық съезі Республикалық медицина колледжінің директоры, медицина ғылымдарының докторы, Денсаулық сақтау министірлігінің штаттан тыс бас маманы Сұлтан Сейдуманов бастаған педагогикалық ұжымның атсалысуымен өткендігін атап өткен жөн. Бұл іс-шара мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың назарын мейірбике ісіне аударуға және оның дамуына стратегиялық тапсырмаларын анықтауға өз үлесін қосты.
Алматы қалалық денсаулық сақтау жүйесінде мейірбике ісі қарқынды түрде дамып келеді. Педагогикалық ұжым бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға күш-жігерін сарқа жұмсауда. Несиелі-модульдік білім беруге ауысу, халықаралық менеджменттік сапа сертификатын алу, оқу жүйесіне инновациалық жүйені енгізу біздің түлектеріміздің бәсекеге қабілетті ортада жұмысқа орналасуына өз септігін тигізіп келеді. Жыл сайын өткізілетін республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік студенттер конференциясы, «Республикалық үздік мейірбике» және «Алматы қаласының үздік мейірбикесі» байқаулары мейірбикелерді шыңдай түседі. Қуаныштысы сол, біздің колледждің түлектері байқаудың бас жүлдегері ретінде бір бөлмелі пәтерді жеңіп алды.
Колледж жанынан құрылған дипломнан кейінгі даярлық орталығы мейірбикелерге өз жұмыстарын саралап, базалық білімдерін толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Яғни, біз «Өмір бойы оқып білім ал» қағидасын жүзеге асырып келеміз. Жыл сайын орта есеппен 2 мыңнан аса мейірбике мамандары әртүрлі цикл бойынша әрі өзіне ыңғайлы уақытта білімдерін бюджет есебінен жетілдіреді. Осы мақсатқа 2011 жылы республика бюджетінен 22 млн. теңге, қалалық бюджеттен 3 млн. теңге қаржының бөлінуі соның дәлелі. Бүгінгі таңда 800-ге жуық мейірбике жоғары мейірбике білімімен қамтылды. Алматы қаласындағы денсаулық сақтау жүйесінде 80-ге жуық мейірбике жетекшілік қызмет, ал оның 43-і бас дәрігердің мейірбике ісі бойынша орынбасары міндетін атқаруда. 18 мейірбике 24 денсаулықты нығайту орталықтарында басқару жұмыстарында. Тағы бір жайт, қаламыздағы ең ірі клиникадағы қабылдау бөлімінің менеджері қызметін жоғарғы білімді мейірбике атқарса, республикамыздағы бірден-бір мейірбике қамқорлығы ауруханасын бірнеше жыл мейірбике басқарып келген.
Мейірбикелер мен мейірбике ісін кәсіби дамытудың қоғамдық қауымдастығын құру қызметкерді біріктіріп қана қоймай, мейірбике ісінің сапасын арттыруға, мамандықтың беделін көтеруге өз септігін тигізеді. Алматы қаласында мейірбикелер қауымдастығы осыдан жиырма жыл бұрын құрылған. Осы ұйымның аясында көп шаруа тындырылды, ол – аттестациялық цикл, конференциялар, тренингтер, жаңа стандарттың енуі және т.б.
Колледждің ұсынысы бойынша, екі жыл қатарынан денсаулық сақтау басқармасы мен студенттер бірігіп, үш жақты келісім-шарт жасасып келеді. Нәтижесінде студенттер бірден жұмыспен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар республикамызда түлектердің білімі мен мүмкіндігін көрсету үшін тағы бір жоба өмірге келді. Республикалық медицина колледжінде алғаш рет «Үздік түлек-2011» байқауы өткізілді. Оған 17 медициналық колледжден түлектер қатысып, өз шеберліктері мен білімдері бойынша сынға түсті. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, колледждің түлегі Жанар Жұманиязова жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады.
Алматы қаласындағы мейірбике мамандарынының жұмысын жандандыру шарасын ұйымдастыру денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе жүргізілуде. Осы тұрғыда мектеп түлектеріне колледж жұмысын таныстыруды психологиялық тест арқылы жандандыру; дипломға дейінгі жұмысты жандандыру; несиелі – модульді оқыту жүйесін енгізу; «Колледж – медициналық ұйым» атты оқыту – клиникасын құру; алғашқы медицина – санитарлық көмек көрсетуде мейірбике қызметінің жүйесін дәрігер – мейірбике қатынасына өзгерту; мейірбике ісі жұмысын жандандыратын ұлттық сарапшылар тобын құру басты түйткілге айналды.