АЖАЛМЕН АРПАЛЫСҚАН СӘБИ-ҒҰМЫР

АЖАЛМЕН АРПАЛЫСҚАН СӘБИ-ҒҰМЫР

АЖАЛМЕН АРПАЛЫСҚАН СӘБИ-ҒҰМЫР
ашық дереккөзі
276

С.А.Назарбаеваның бас­шылығымен ашылған «Бөбек» қо­ры­ осы ауыр індетті бәсеңсітуге сеп бол­ған еді. Орташа есеппен алғанда

, онкоге­ма­то­логиялық орталықтан  жылына 600-900 бала емдеуден өтсе, олардың  70 пайызға жуығы – онкогематологиялық патологиялар.

Осы 20 жылдың ішінде лейкозға шақалақ пен 18 жасқа дейінгі 3 мыңнан аса бала мен гемотологиялық аурулардың көптеген түріне шалдыққан 10мыңнан аса бала тексеріліп, емдеуден өтіпті. Қазақстан бойынша бүгінде лейкозға шалдыққан науқас сәбилердің 76,1 пайызыдертінен құлан-таза жазылып шығады. Бұған дамыған технологиямен қатар дәрігерлердің де тигізер үлесі зор.

О

нкогематологиялық орталықтың жұмы­сын ұйымдастыру және оның то­лық­қанды қызмет етуі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылым орта­лы­ғының бұрынғы директорлары А.К.Машкеев,Қ.С.Ормантаевтардың және­ аталған мекеменің қазіргі басшысы С.Ғ.­Нұ­қы­ше­ваның арқасында жүзеге асып отыр.

Мерейтойлық жиынды ашқан Сәуле Нұқышева ханым

: «Осы 20 ішінде көптеген шаралар атқарылды. Атап айтар болсақ: былтырғы жылы 8, биыл 4 баланың  өзек жасушалары күрделі операциямен ауыстырылды. Германияда мұндай операция құны – 200-300 мың еуро тұрса, елімізде бұл ауруды емдеу жолдары тегін жүргізіледі. Алайда жетістіктер ақшамен ғана өлшенбейді. Күрделі дертпен күресу жолында дәрігерлер мен мейірбикелердің сонымен қатар науқасқа ата-ана жағынан қамқорлықпен мейірім, төзім мен ыждаһаттылықтың тигізер үлесі зор», – деді.

Осы орталықтың бұрынғы дирек­торы, Қамал Сәруарұлы

: «Бұл жұ­мыс­қа төзуөте ауыр. Себебі, өлім мен өмір арасында, ажалмен арпа­лыс­қан балақайлардың үмітке толы жанарына тік қарау қиынның қиыны», – дейді. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр оталардың бірі – аққан ауруына шалдыққан, 1 жасқа толмаған нәрестеге жасалатын операция. Себебі тіпті өмір­ге бейімделмеген ол, өмір мен өлім арасында 10-нан асатын химиялық терапиядан өтеді.Жиынды қорытындылай келе сөз алған медицина ғылымдарының докторы Омарова Күлән Омарқызы қуанышын жасыра алмады: «Бұл қуанышты жиын. Көзге жас ала отырып қуанатын қуаныш. Біз осы 20 жыл ішінде қара тізімге алынып, сау клеткасы қалмай, барлығы ракпен науқастанған балаларға өмір сыйлап, арпалысып, көпшілік қатарға қосылуына үлес қостық».

Алғашқы ота жасалғандар бұл күнде отбасын құрып жатса, ал мына кішкене Назеркенің ауруханадан шыққанына да көп болмапты.

Анасы, Оңайгүлмен  тілдес­ке­німізде бүгін туған мекендері, Маңғыстауға қайтатындарын жеткізді. 9 айға жуық аурухана төсегіне байланып жатқан 6 жасар Назерке химиялық терапиямен емделіпті. Алла бұйыртса мектепке де аяқ баспақшы. Назеркені ауылында бауыры асыға күтіп отыр екен. Балапанының жүзінен күлкі ізін көрген ана да қуанышы қойнына сыймай, ауылына аттанды.

Нұргүл МАХАНБЕТИЯРОВА,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Серіктес жаңалықтары