ТҮЛЕКТЕРГЕ ЗОР МҮМКІНДІК
ТҮЛЕКТЕРГЕ ЗОР МҮМКІНДІК
Апта басында ҚазҰАУ
ISAS-2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектебінің ашылу салтанаты аталып өтті. Шара барысында шет елдік қонақтарымыз осы жобаны өздерінің қолдайтындықтарын білдіре отырып, сыйлықтарын табыс етті. 3-16 аралығында өтетін аталмыш жоба аясындағы жұмыстар мен өткізілетін сабақтар: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады. Бағдарлама желісінде магистранттар: «Су ресурстарын интеграциялық басқару», «Жасыл экономика», «Азық – түлік және экологиялық қауіпсіздік проблемалары», «Ветеринария – биоқауіпсіздік мәселесінде», «Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары және міндеттері» тақырыбында дәріс алатын болады. Білім алушылар тек қана дәріс тыңдап емес, оған қоса іс жүзіндеде сынақ өткізіп, тәжірибе алмаса алады.
Жазғы мектеп бойынша 12 елдің университеттерімен қатар еліміздің де бірнеше ЖОО-нан, атап айтар болсақ: Малайзиядағы«Путра» университеті,Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті, Иркутск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы,Қырғызстан ұлттық университеті сонымен қатар ТарПИ, ҚазҰТУ секілді еліміздің ЖОО-нан барлығы 22 магистрант іріктелініп алынған.Дәріс оқитынғалымдар даФинляндия, Италия, Франция, Чехия, Болгария секілді мемлекеттерден келген білікті мамандар.
Болгария мемлекетінен келген қонағымыз Маргарита Филипова: «Білім беру жағынан ҚазҰАУ жаңа бастама бастап отыр, біз де осы бағдарлама бойынша көптеген жобалар қарастырудамыз. Сонымен қатар технологиялар, инновациялық технологиялар жағынан да іс- тәжірибе өткізіп көрмекшіміз, – деді.
Ал ашылу салтанатында сөз сойлеген Тіреуов Қанат
Маратұлы: Жоба әлі 2 жылға жоспарланып отыр. Бұл бастама еліміздегі шешімі әлі де болса табылмаған экологиялық процестердің жобасын тездетуге, мәселелердің оңтайлы шешімінтабуға оң септігін тигізеді, – деді.
ISAS-2013 Халықаралық жазғы магистрлік мектебінің негізгі мақсаты – қазақстандық білім мен ғылымды Еуропа елдеріне интеграциялауға мүмкіндік беретін, Болон процесінің басты принципі – академи
ялық мобильділікті жүзеге асыру болса, білім курсын бітірген магистранттарға қазақстандық төрт кредитті немесе ECTS бойынша сегіз кредитті меңгергендігін растайтын арнайы сертификат беріледі.
шындығында, Қазақстан жер көлемі жағынан 9 орында тұрса да, жеріміздің асты толған байлық болса да бүгінде шешімі табылмай, сананы сансыратып жүрген мәселелер қаншама. Жеріміздің байлығы шаш етектен болғандығымен, оны шашып-төгуден кенде қалып жатқанымыз жоқ. Еліміз өркендегенімен біз әлі де болса су қорын, электр энергиясын сақтап, үнемді пайдалануды үйрене алмай-ақ келеміз. Бұл жоба биылғы жылғы «Жасыл көпір» бағдарламасы негізіндееліміздің орман шаруашылығының, сондай-ақ тағам мен экологиялық проблемалардың бір жақты болуына септігін тигізер шаралар мен осы мақсат негізінде білім жетілдіріп, өзге елмен байланыс орнатуға да таптырмас мүмкіндік беретін – жоба деген сеніміміз зор.
Нұргүл Маханбетиярова,
ҚазҰУ-дың 1-курс студенті