«ҚОРҒАС ІСІНІҢ» ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ
«ҚОРҒАС ІСІНІҢ» ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ
Мәселен, дүйсенбіде журналистермен кездескен «Алатау КРО» кеден бекетінің бұрынғы басшысы Михаил Войтовичтің адвокаты Ашурбек Ашурбеков біраз жайттың басын ашты. Адвокаттың айтуынша, «Қорғас ісі» бойынша айыпталушыларға 2011 жылы Қылмыстық кодекстен алып тасталынған бапта қарастырылған қылмыс айып ретінде тағылуда.
«2011 жылғы қарашада еліміздің қылмыстық заңдылығы өзгертілген болатын, оның ішінде, біздің қорғауымыздағы азаматтардың ісі сотқа берілген 235 бап та өзгеріске ұшырады. Қылмыс құрамы жойылып, ізгіліктендірілді. Алдын ала болған сот мәжілісінде біз заңдылықтың өзгергендігі туралы мәлімдеме жасаған едік, бірақ істі қарау жалғасуда. Қазіргі таңда іс сотқа берілді және ол Қылмыстық кодекстің 235, 209 және басқа баптары бойынша қарастырылуда», – деді А.Ашурбеков. Сондай-ақ адвокат тергеу барысында Қылмыстық істерді жүргізу кодексі талаптарын өрескел бұзу фактілері орын алған.
Мәселен, қорғаушының айтуынша, айыпталушы ретінде жазаға тарту туралы қаулының біреуінде де кедендік шекарадан алып өткен та-уарлардың тізімі жоқ екен. Тек халық тұтынатын тауарладың 22 атауы алып өткендігіне сілтеме жасалынған.
Сондай-ақ А.Ашурбеков тергеу барысында айғақ заттардың зерттелмегені туралы да айтты.
Сонымен қатар, адвокат контрабанда ретінде айыпталынып отырған тауарлардың 90 пайызы бойынша кедендік рәсімдеуге кедендік декларацияның мүлдем ұсынылмағанын атап өтті. Ал бұл тауарларды контрабанда ретінде анықтаған қаржы полициясы тергеушілерінің қандай құжатты басшылыққа алғаны олардың өздері ғана біледі.
Қайрат Матреков