«Шәкен жұлдыздарында» топ жарғандар

«Шәкен жұлдыздарында» топ жарғандар

«Шәкен жұлдыздарында» топ жарғандар
ашық дереккөзі
232

Кинофестивальдің басты мақсаты – қазақстандық киноның сапасын арттырып, жас кино мамандарына қолдау көрсету, оларға кәсіби даму үшін мүмкіндіктер беріп, халықаралық кино сахнасына шығару. Биыл он бірінші рет ұйымдастырылып отырған кинофестивальға әлемнің 32 елінен 980-нен астам өтініш түсіп, байқаудың шарттарына сай 55 фильм іріктелді. Оның ішінде отандық 8 картина бар. Байқау «дебют», «жастар киносы», «студенттік кино», «анимация» деген секциялар бойынша өтті. Аталмыш байқауға танымал француз сыншысы Жан Руа, үнді актеры Джавед Джафри және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы Дидар Амантай қазылық етті. Германиялық Ханс-Йохим Шлегель ХІ кинофистивальдің ХКФ іріктеу комиссиясының мүшесі ретінде қатысты.
Сонымен, кинобайқаудың гран-при иегері анықталып, ирандық режиссер Панахбархода Резаиидың «Дочь…отец…дочь» атты фильмі үздік деп танылды. Ал қазақстандық режиссер Мірғалым Есіркеповтің «Три шага вверх» кинотуындысы «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі дирекциясының арнайы сыйлығын алды. Қазылар алқасының арнайы жүлдесі Айнұр Исмайлованың қысқаметражды «Көке» картинасын бұйырды. Режиссер Алия Мұстафина «Қазақфильм» киностудиясының сыйлығын жеңіп алып, қысқаметражды фильм түсіру мүмкіндігіне ие болды. «Үздік ойын фильмі» жүлдесі жапониялық режисер Тацуа Ямамотоның «Камихате төбешігіндегі дүкен» картинасына, үздік студенттік жұмыс Базыр Сираттың «Кішкентай Ауғанстан» және тағы бір студенттік жұмыс «Үздік ойын фильмі» марапаты Джозефа Блиадзеның «Ең бағалы» туындысына, үздік анимациялық фильм ресейлік режиссер Антона Дьякованың «Костя» – сына берілді.

Серіктес жаңалықтары