ҚАРЫЗДАРЫ ШАШ-ЕТЕКТЕН

ҚАРЫЗДАРЫ ШАШ-ЕТЕКТЕН

ҚАРЫЗДАРЫ  ШАШ-ЕТЕКТЕН
ашық дереккөзі
241

Бұл нәпақаларын айлықтан айырып жүрген қарапайым жұмыскерлерге үлкен соққы. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 2013 жылдың 17 мамырындағы деректер бойынша облыстағы 23 мекеме қызметкерлеріне 105 млн. теңге қарыз болған. Мұндай келеңсіздіктің аймақтағы әлеуметтік ширығуға себеп болатынын көлденең тартқан облыс басшысы Самат Ескендіров қарызға қатысты проблемаларды тез арада шешу керектігін айтты. Әкімдік берген мәліметтерге сүйенсек, борыштың басым бөлігі Тайынша, Аққайың аудандары мен Петропавлдағы ауылшаруашылығы саласы кәсіпорындарының үлесінде. Сорақысы сол, әлгі мекемелердің басшылары прокуратура тарапынан келген ескертулердің өзіне құлақ аспайтын көрінеді.

Облыс әкімдігінде өткен жиналыс барысында «Баско» ЖШС, «Артари» ЖШС, «Донецкое» шаруашылық қожалығы, «Победа Тайынша» ЖШС, «Петропавл қаласының халықаралық әуежайы» АҚ басшылары әкімге қарыздарын тез арада қайтаруға, яғни, жұмыскерлерге қордаланып қалған борышты өтеуге және айлықты дер кезінде  таратуға уәде етті.  

Басқосуға қатысушылардың кейбірі қарызға батқан шаруа қожалықтарына тиесілі жер телімдерін тартып алуға ұсыныс айтты. Ал Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі болса, апта сайын жалақыны кешіктірген кәсіпорындардың тізімі жасалатынын ескертті.

Ғалымжан Сәрсеков,

ХҚТУ-дің студенті

       

Серіктес жаңалықтары