Ердоған президенттік және парламенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді

Ердоған президенттік және парламенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді

Ердоған президенттік және парламенттік сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді
ашық дереккөзі
244
Түркияның қазіргі президенті Режеп Ердоған ресми емес нәтиже бойынша президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінде жеңіске жеткенін, сонымен бірге өзі басқаратын Әділет және даму партиясының альянсы алда келе жатқанын мәлімдеді. «Халық президенттік және атқарушы билікке деген менің жауапкершілігіме сенді», - деді 64 жастағы Ердоған 24 маусымда түнде Стамбұлда сөйлеген сөзінде. Түркияның мемлекеттік ақпарат құралдары бюллетеннің 96 пайызы өңделді, қазіргі түрік лидері 52,67 пайыз дауыспен алда келеді деп мәлімдеп жатыр. Ердоғаннан кейін екінші орында оның басты қарсыласы, оппозициялық Халықтық-республикалық партия лидері Мухаррем Индже 30,75 пайыз дауыс жинаған. Ал қалған президенттіктен үміткерлер он пайыздан кем дауыс алған. Алайда оппозициялық партия өкілдері Ердоған асығыс мәлімдеме жасады деп, сайлау кезінде жәшіктерге Ердоған үшін арттық бюллетендер жаппай тасталған болуы мүмкін деп қауіптенеді. Парламент сайлауында бюллетендердің 88 пайызы саналып, алдын ала мәлімет бойынша биліктің Әділет және даму партиясы мен Ұлттық қозғалыс партиясының бірлескен "Халықтық альянсы" 43 пайыз көрсеткішпен алда келеді. Ердоған билікте 15 жылдан артық отыр. Бастапқыда ел премьер-министрі болды, 2014 жылдан бері Түркия президенті. Сайлау күні түрік полициясы "Ердоғанды әлеуметтік желіде балағаттады" деген айыппен алты адамды ұстады. Бұл - елде 2017 жылы Конституцияға өзгерістер енгізіп, Түркияны парламенттік республикадан президенттік республикаға айналдырғаннан кейінгі алғашқы сайлау.

Серіктес жаңалықтары