Мирзияев Астананың 20 жылдығына келеді

Мирзияев Астананың 20 жылдығына келеді

Мирзияев Астананың 20 жылдығына келеді
ашық дереккөзі
264
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 5 маусымда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен Қазақстанға барады. Бұл туралы өзбек президентінің баспасөз хатшысы Комил Алламжонов хабарлады. "Мемлекет басшысы 6 шілдеде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына қатысады. Сонымен бірге Қазақстанға сапары барысында екіжақты кездесулер өтеді", – деп жазды Алламжонов. Айта кетерлік жайт, 2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланды. Келесі жылы Қазақстанның Өзбекстандағы жылы өтеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 8,6 пайызға өсіп, 2 миллиард доллар болды. Ресми мәлімет бойынша, қазіргі таңда Өзбекстанда 281 кәсіпорын қазақ капиталымен жұмыс істейді. Көрші елдер тауар айналымын биыл 3 млрд долларға, ал 2020 жылға таман 5 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары