eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті

eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті

eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті
ашық дереккөзі
337
eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында электрондық үкімет порталының қосымша 3 қызметтің іске қосылғанын хабарлайды. Енді бот көмегімен азаматтар келесі қызметтерді ала алады: – Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу; – Әлеуметтік мәртебені тексеру; – Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу. Азамат «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеліп, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде бекітіп, Telegram мессенджердегі ботқа жазылуы қажет. Қызметтерді алу үшін @EgovKzBot чатында алдын-ала белгіленген бұйрықтарды орындай отырып, сұранысты SMS-код арқылы растау керек. Сондай-ақ, сұрау салудың нәтижесін азаматтың электронды поштасына жіберу мүмкіндігі де бар. Естеріңізге салсақ, 21 мамырда «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов 4 ең танымал қызметтерді (мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама) жеңілдетілген түрде алуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың іске қосылуын хабарлаған. Қазіргі таңда Telegram-ботқа 7016 азамат жазылды, олар 6107 анықтамаға сұраныс жасады. @EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде туындаған сұрақтарды тәулік бойы тегін кеңес беретін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдауға болады.  

Серіктес жаңалықтары