ШҚО-да «7-20-25» бойынша алғашқы несие берілді

ШҚО-да «7-20-25» бойынша алғашқы несие берілді

ШҚО-да «7-20-25» бойынша алғашқы несие берілді
ашық дереккөзі
269
Республиканың аймақтарында жаңа тұрғын үй сатып алу үшін халыққа жеңілдікпен несие беру басталды, деп хабарлайды altaynews.kz сайты Бүгінгі күні 7 екінші деңгейлі банкпен (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, АТФ банк, БанкЦентрКредит, BankRBK,Халық банкі, Еуразиялық банк, Цеснабанк) Бағдарламаға қатысуға келісім жасалынды. Болашақта Сбербанк пен Фортебанк те бағдарламаға қатыспақ. Ипотекалық несие бағдарламасы бойынша алғашқы болып тұрғындарға несие бергендердің ішінде Өскемен, Алматы, Астана, Ақтау, Орал қалалары бар. «7-20-25» ипотекалық несие бағдарламасына байланысты өткен баспасөз мәслихатында«Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Айнагүл Жолдыбалина жеңілдетілген несие табысы бар азаматтарға, ұлттық валютамен берілетінін айтты. «Бағдарламаға банкке өтінім берген кезде жеке басында баспанасы болмаған, табысы бар азаматтар қатыса алады.«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру басталып кетті. Екінші деңгейдегі банктермен келісім жасалынды. Облыс орталығында бағдарлама бойынша алғашқы несие берілді»,- деді Айнагүл Жолдыбалина. «7-20-25» бағдарламасы арқылы ипотекалық несиелендіру туралы толық ақпаратты «Баспана» ипотекалық ұйымының www.baspana72025.kz ресми сайтынан және тәулік бойы тегін қызмет көрсететін +7(727) 227-20-25. сall-орталығына хабарласып алуға болады.

Серіктес жаңалықтары