Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі жаңа министрі тағайындалды

Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі жаңа министрі тағайындалды

Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі жаңа министрі тағайындалды
ашық дереккөзі
202
Ұлыбританияның Brexit мәселелері жөніндегі жаңа министрі болып Доминик Рааб тағайындалды. Ол бұрын аймақтар мен жергілікті өзін-өзі басқару істері жөніндегі министр қызметін атқарған болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. «Патшайым Brexit-тен кейін Ұлыбритания мен Еуроодақтың жаңа үкіметтік ынтымақтастық стартегиясымен келіспегендіктен, үкіметтен кететінін мәлімдеген Дэвид Дэвистің орнына Раабтың келгенін қуана мақұлдады», - делінген Ұлыбритания премьер-министрінің Twitter микроблогында. Айта кетерлігі, Дэвид Дэвис бұдан бұрын Brexit-тен кейін Ұлыбритания мен Еуроодақтың жаңа үкіметтік ынтымақтастық стартегиясымен келіспейтінін жария еткен болатын. Оның пікірінше, Лондон Брюссельдің алдында біршама кері шегінген. Аймақтар мен жергілікті өзін-өзі басқару істері бойынша министрліктен бұрын 44 жастағы Рааб әділет министрінің орынбасары болған. Ұлыбританияның ЕО-дан 2019 жылдың 29 наурызында шығатынын ескергенде ол өте жауапты кезеңде тағайындалған болатын.  

Серіктес жаңалықтары