Ашхабадта алкоголь өнімдерін сататын сауда нүктелері жабылып жатыр

Ашхабадта алкоголь өнімдерін сататын сауда нүктелері жабылып жатыр

Ашхабадта алкоголь өнімдерін сататын сауда нүктелері жабылып жатыр
ашық дереккөзі
310
Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісі Түркіменстан астанасында алкоголь сататын дүкендер жаппай жабылып жатыр деп хабарлады. "8 шілдеден бастап алкоголь өнімдерін сататын "Мир-1" шағын ауданындағы базар жабылды. Мұнан бөлек коммерциалық дүкендер де жабылған. Бірақ кешкі 20.00-ден кейін кейбір дүкендер қайта ашылды", - дейді Азатлык тілшісі. Келесі күні жергілікті тұрғындар хабарлап, қара базарда доллар бағамы күрт өсіп, бір доллардың 12 манат болғанын айтты. Ал Түркіменстанның Орталық банкінде 2005 жылы бекіткен бағам бір доллар - 3.5 манат күйінде тұр. "Доллардың өсуін көбі алкоголь өнімініне тыйым салумен байланыстырып отыр. Бірақ бұл шындыққа сәйкес келмейді. Алкоголь сатушылардың валюта нарығына қатысы жоқ", - дейді Ашхабад тұрғынының бірі.

Серіктес жаңалықтары