688
Қыз алып қашқандар жазаланады
Қыз алып қашқандар жазаланады
Қырғызстан Республикасы "адам ұрлады" деген айыппен қыз алып қашқандарды түрмеге қамайтын. Онымен шектелмей айыппұл салатын. Қанша адам жазаға іліккенмен де, бұл елде әлі күнге қыз алып қашу азаймаған. Ішкі істер министрлігі барлық жайтты ескере келе, арнайы заң жобасын әзірледі.
Енді Қырғызстан ІІМ қыз алып қашқаны үшіне түзету жұмыстарымен жазалауды да алып тастамақ. 2013 жылы қабылданған норма өз көмегін тигізе қоймаған. Қырғызстан Ішкі істер министрлігі (ІІМ) бұдан да қатаң шара қолдану үшін тиісті заң жобасын қарастырып жатыр. Халықаралық деңгейде талқыланатын бұл іске тұсау салу әзірге мүмкін болмай тұр. Бірақ тиісті заң жобасы күшіне енсе, мұндай "бассыздықтың" саны азаяр еді дейді қырғыз сарапшылары.
Қырғызстан қылмыстық кодексінің 155-бабына да (Әйелді некеге тұруға мәжбүрлеу, некеге тұру үшін ұрлау немесе некеге тұруға кедергі келтіру) шамамен осындай түзету енгізу ұсынылды Қазіргі бапта 10 мыңнан 20 мың сомға дейін айыппұл мөлшері қарастырылған. Қырғызстан ІІМ ұсынған түзетулер бойынша он жеті жасқа толмаған тұлғаны неке қатынасына түсуге мәжбүрлегендер үшін айыппұлды 10 мың – 50 мың сомнан 100 мың – 300 мың сомға дейін көтеру ұсынылды. Тіпті, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Кәмелеттік жасқа толмаған қызды неке қатынасына тұру үшін ұрлағаны үшін бес жылдан 10 жылға дейін соттайды.