Шаршы тақтадағы әлемдік тартыс

Шаршы тақтадағы әлемдік тартыс

Шаршы тақтадағы әлемдік тартыс
ашық дереккөзі
343
Шри-Ланканың Вакадува қаласында шахматтан оқушылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қызыл­ордалық Әсел Серікбай бас жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз 17 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бойынша бақ сынап, 7 турдан 6 ұпай жинап, чемпион атанды. Бұл – оның Азия чемпионатында бесінші мәрте топ жаруы. Швейцар жүйесімен ұйымдастырылған жарысқа 17 мемлекеттен 400 спортшы қатысуда. Дүбірлі бәсеке 14 шілде күні мәресіне жетеді. Айта кетейік, Әсел Серікбай шахматтан ФИДЕ шебері және ҚР спорт шебері. Ол 12 дүркін Қазақстан жеңімпазы, 5 дүркін Азия чемпионы (Сингапур, 2015 ж. классика, Ташкент, 2017 ж. классика, рапид, блиц, Шри-Ланка, 2018 ж., рапид), 2 дүркін Әлем чемпионы (Польша, 2011 ж., Румыния, 2017).

Серіктес жаңалықтары