АСТАНАДА «АҚЫЛДЫ» БАҒДАРШАМ

АСТАНАДА «АҚЫЛДЫ» БАҒДАРШАМ

АСТАНАДА «АҚЫЛДЫ» БАҒДАРШАМ
ашық дереккөзі
1781
Осыған дейін сынақтан өткен ерекше бағдаршамдар енді қала бойынша бірнеше ауданда орнатылады. Бұл туралы Астана қаласының жолаушылар көлігі және жол-көлік инфрақұрылымы басқармасының жетекшісі Асхат Қарағойшин айтты. «Қала әкімінің тапсырмасы бойынша осыдан екі ай бұрын, көшелерге екі жаңа бағдаршам орнатылған болатын. Олар бүгінде сынақтан өтті. Енді қала бойынша одан әрі орнатуды жоспарлаудамыз. Біз үшін бағдаршамдардың басты маңызы қауіпсіздікті қамтамасыз етуі. Аталған бағдаршамның ерекшелігі күндіз де, түнде де алыстан көрінетін жарық диодтары жанып тұрады, оны байқамау мүмкін емес. Ең басты нәтиже жол-көлік оқиғалары азайды, жаяу жүргіншілер де еркін жүріп-тұрады», - деді Асхат Қарағойшин. Оның айтуынша, қала бойынша жол-көлік оқиғасы жиі болатын қауіпті аймақтарға тағы да 11 бағдаршам орнату жоспарлануда. Сонымен қатар басқарма басшысы Республика даңғылына орнатылған ерекше бағдаршамды сынақтан өткізу кезінде ол жерде бірде бір жол-көлік ережесін бұзу оқиғасының болмағанын айтты. Және де ерекше бағдаршамның кәдімгі бағдаршамнан қымбатырақ болғанымен өте тиімді екенін де тілге тиек етті. Айта кетейік, аталған бағдаршамдар Мәскеу, Киев, Дубай секілді әлемнің басқа да ірі қалаларында қолданылады.

Серіктес жаңалықтары