362
Бурабай: Елбасы «Біржан-Сара» операсын тамашалады
Бурабай: Елбасы «Біржан-Сара» операсын тамашалады
Мемлекет басшысы Бурабай курортының аумағында, ашық аспан астында өткен композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының қойылымын тамашалады.
Басты партияларды халықаралық конкурстардың лауреаты М. Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М. Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж. Шыбықбаев, Д. Хамзина және С. Ахметова орындады. Қоюшы-дирижер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Мұхитдинов, қоюшы-режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Маемиров.
«Бурабай» Ұлттық саябағындағы Абылай хан алаңында ұлттық классика жауһары - Мұқан Төлебаевтың Open Air форматында қойылған «Біржан-Сара» қойылымына келген қала қонақтары мен тұрғындарының қарасы қалың. Кеш соңында өнерпаздарға құрмет көрсетіліп, келген көрермен көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.