396
Спирттік ішімдіктерге тыйым салынды
Спирттік ішімдіктерге тыйым салынды
Түркіменстанның Ашхабад пен өзге де әкімшілік орталықтарында алкогольді ішімдік сатылымына тыйым салынды.«Азаттық» радиосының түрікмен қызметінің хабарлауынша, түрікмен билігі сауда нүктелерінен спиртті ішімдіктерді алып тастау жұмыстарын жүргізуде.
Алкогольді ішімдіктердің сатылымымен күрес 5 шілде күні қабылданған «2018-2024 жж. Түркіменстандағы спиртті ішімдіктердің зиянды әсерінің алдын алуға арналған ұлттық бағдарлама» аясында басталған. 8 шілде күні Түркіменстан астанасындағы жекеменшік дүкендердің жаппай жабыла басталғаны туралы хабарланған еді. Негізі, түрікмен билігі осындай шараны 2017 жылдың жазында Ашхабадта өткен күрес өнері мен V Азиялық ойындар қарсаңында да енгізген еді. Алайда, кейбір ресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, алкогольді өнімдер сатылымына енгізілген осындай тыйымдар заң бұзушылыққа себеп болған. Енді, билік спиртті өнімдердің заңсыз сатылуымен де күрес жүргізуге ниетті.