312
Тәжікстанда телефон сатуға тыйым салынды
Тәжікстанда телефон сатуға тыйым салынды
Тәжістан байланыс қызметі төрағасының орынбасары Адолат Абдурахмонзода ұялы телефондар саудасымен енді тек аталған мекеменің сертификатын алған компаниялар мен тұлғалар ғана айналыса алатынын мәлімдеді.
"Тәжікстанстандарт" рұқсатымен әр телефонның сапасын тексеріп, осыдан соң ғана сатуға рұқсат береміз", - деді ол.
Байланыс қызметі талапқа сай екенін білдіретін сертификат, яғни тауардың аймақтық және халықаралық сапаға сай екенін айқындайтын қағаз береді.
Адолат Абдурахмонзоданың сөзінше, сертификат - ақылы. Ал рұқсат қағазынсыз телефон сататындар жауапқа тартылады. Осыған дейін төрт сатушы жазаға тартылған.
Былтыр байланыс қызметі мобильді операторлар мен интернет-провайдерлерден қауіпсіздікті сақтау үшін, NGN-байланысты өшіруді талап еткен. Терроризммен күрес деп сим-карталарды қайтадан тіркеуден өткізу кампаниясы жүргізілген.