179
Бүлдіршінді қаққан кінәлі жүргізуші іздестірілуде
Бүлдіршінді қаққан кінәлі жүргізуші іздестірілуде
Алматыда көлік қағып кеткен бес жасар баланың ата-анасы кінәлі жүргізушіні тауып, әділ жазалауды сұрайды.
Еске салайық, оқиға кеше түске дейін болған. Тұрғындардың айтуынша, баланы айналма жолда қағып кеткен жүргізуші еш көмек көрсетпестен ізін суытты. Бүлдіршіннің бас сүйегінің жарты бөлігі зақымданған. Оған осы уақытқа дейін бірнеше операция жасалды. Баланың туыстары куәгерлер мен жағдайға бейжай қарамайтын азаматтардың көмегінен үмітті.
«Кінәлі азамат табылып, жазаланғанын қалаймыз. Жауапкершілікке тартылуы керек. Баланы дәрменсіз күйде қалай қалдырып кеткен? Түсіне алар емеспін. Жүрегі бар ма өзінің?», - деді баланың ағасы, Руслан Хабибов.