240
Селфи жасамақ болған әйел өзенге ағып кетті
Селфи жасамақ болған әйел өзенге ағып кетті
Алматы облысындағы Қаскелең өзеніне 35 жастағы әйел ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше Қаскелең қаласындағы «Нұрлы тау» демалыс орнында болған.
Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары әйелдің денесін кешкі 9-дан бастап іздеген.
«3 сағаттан соң марқұмның денесі құлаған жерінен қашық жерден табылды. Іздестіру жұмыстары күннің батуына байланысты біраз уақытқа созылды. Әйелдің денесі су астындағы қоқыс пен бұтақтарға оралып қалған», - деді РЖҚЖ құтқарушы медбикесі Екатерина Клочко.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел тас үстіне шығып суретке түспек болғанда байқамай өзенге құлап кеткен.