50 мың доллар тұратын 24 құс Дубайға заңсыз жөнелтілмек болған

50 мың доллар тұратын 24 құс Дубайға заңсыз жөнелтілмек болған

50 мың доллар тұратын 24 құс Дубайға заңсыз жөнелтілмек болған
ашық дереккөзі
247

Кеше кешкі сағат 18.00-де Шымкент әуежайында жолаушылардың бірінен шекара асырылғалы тұрған күдікті сөмкелер тәркіленді. Сөмкелердің ішінен Дубайға жіберілмекші болған контрабандалық тауар - 24 қаршыға табылды.  Сарыағаш шекара отрядының «Шымкент авиа» шекаралық бақылау бөлімінде «Шымкент - Дубай» бағытымен ұшатын № FDV-738 әуе рейсіне шекаралық және кедендік бақылау өткізіліп болып, жүк тиеле бастаған кезде, «Боинг-737-700» әуе кемесінің оң қапталына «VIP» жүргіншілерді таситын «Тойота» автокөлігі асығыс жеткен. Шағын автобустан түсіріліп жатқан қос үлкен қара сөмке шекара жасағының назарын өздеріне бірден аударды. Тексеру нәтижесінде бұл сөмкелердің ешқандайда шекаралық және кедендік тексеруден өткізілмегендігі белгілі болды. Автобус жүргізушісінің сөзіне сенсек, ол өзі жүргізуші орындығына жайғасқан кезде бұл сөмкелердің автобус салонында тұрғанын көрген. Белгісіз біреулер сөмкелерді аталмыш әуе кемесіне жеткізуді тапсырған. Күдікті сөмкелердің ішінен қатталып салынған 24 қаршыға табылды. Әрқайсысы шамамен 50 000 доллардан кем тұрмайтын бұл құстардың Дубайға дейін бір-екеуі ғана тірі жетер еді. Контрабандалық жүк Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД-нің экономикалық қылмыстар қызметіне тексеруге берілді. Сөмкелерге қатысы бар адамдар әзірге табылған жоқ

Серіктес жаңалықтары