КИІЗ ҮЙ ҺӘМ БЛЮТУЗ

КИІЗ ҮЙ ҺӘМ БЛЮТУЗ

КИІЗ ҮЙ ҺӘМ БЛЮТУЗ
ашық дереккөзі
478
Қызылордалық Әділет Әли есімді жас өнертапқыш жылжымалы смарт отау жобасымен бірнеше жылдан бері еңбектенген. Нәтижесінде өзі құрылып, қайта жиналатын киіз үй макетін жасап шықты.  «Киіз үйді жинап, қайта тігіп жүрмей, дөңгелек орнатып, модульді блютузбен басқаруға болады», – дейді жас дарын. Бұл – мал және егін шаруашылығымен айналысатындар үшін өте ыңғайлы баспана. 3D жүйесімен жұмыс жасауды меңгеріп жүрген Әділет жоба қолдау тапса, бұл бастама көпке пайдалы болар еді дейді. Қазірде Қызылорда қаласындағы ІТ-парк орталығында өз жобасын жетілдіріп жүрген өнертапқыш робототехникаға бала кезден қызығушылық танытқан. Соның алғашқы жемістері өз нәтижесін беруде.

Серіктес жаңалықтары