Корея елшісі Ким Дэ Сик: "Қазіргі күйімізді сөзбен айтып жеткізу қиын"

Корея елшісі Ким Дэ Сик: "Қазіргі күйімізді сөзбен айтып жеткізу қиын"

Корея елшісі Ким Дэ Сик: "Қазіргі күйімізді сөзбен айтып жеткізу қиын"
ашық дереккөзі
274
Кореяның Қазақстан Республикасындағы елшісі Ким Дэ Сик танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жақындары мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Дарынды спортшы Денис Теннің мезгілсіз қайтыс болуы туралы суыт хабар Кореядағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлерін есеңгіретті. Біздің қазіргі күйімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Талантты әрі ақжарқын адам болған, елден көмегін аямаған Денис Теннің жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз», - деп жазды елші Телеграм желісінде.  Дипломат Қазақстан үшін ғана емес, жалпы корей халқы үшін де Денис Теннің орны ойсырап тұрғанын жазды. «Денистің тарихи отанындағы халық та қайғырып отыр. Денис Тен - жапон отарлаушыларына қарсы күрескен генерал Мин Гын Хоның ұрпағы еді. Халықтың сүйікті ұлының қаза табуына байланысты Корея Республикасының халқы мен үкіметі атынан көңіл айтамыз», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары