1719
Есте сақтау қабілеті зерттелуде
Есте сақтау қабілеті зерттелуде
Адам баласының есте сақтау қабілеті қалай жұмыс істейді? Италиялық ғалымдар магнитті-резонансты томография арқылы есте сақтау қабілеті жақсы дамыған адамдарды зерттеп жатыр. Кейбір адамдар 20 жыл бұрынғы кезін, тіпті белгілі бір сәтте қандай киімде болғанын бүге-шігесіне дейін оп-оңай айтып бере алады.
Осылайша Италияның денсаулық сақтау институтының мамандары зерттеу жұмысына 8 адамды іріктеп алды. Анықталғандай, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған жандар естеліктер санымен емес, еске түсіру жүйесімен ерекшеленеді. Яғни керек кезде миға сәл салмақ түсіру арқылы олар өмірінде болғанның бәрін көз алдына келтіре алады. Осыны ескерген ғалымдар зерттеуге қатысушылардың генетикалық факторы мен қоршаған ортаның әсерін зерттеуге көшті.
"Осы нәтижелер аса маңызды. Есте сақтау жүйесінің әрбір адамның өміріндегі маңызы ерекше. Бұл жалпы танымдық тұрғыдан да қызықты. Егер біз жады жүйесін дұрыс ұғынсақ, алдағы уақытта терапияның жаңа тәсілдерін ойлап табуға болады. Мәселен, бұл бірінші кезекте есін жоғалтқан адамдар үшін қажет" дейді Италияның Жоғарғы денсаулық сақтау институтының ғылыми қызметкері Симоне Макри.