Қазақстан логистика бойынша рейтинтгте жоғарылады

Қазақстан логистика бойынша рейтинтгте жоғарылады

Қазақстан логистика бойынша рейтинтгте жоғарылады
ашық дереккөзі
427
 Қазақстан Дүниежүзілік банкі логистика тиімділігінің халықаралық рейтингінде (LPI) алты сатыға жоғары көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қаржы институтының ресми сайтына сілтеме жасап. 2007 жылы Дүниежүзілік банк Финляндияның Турку қаласы университетімен бірлесіп, алғаш рет түрлі елдердегі логистиканың даму деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеген болатын. Содан бері зерттеу екі жылда бір мәрте өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы Қазақстан  160 мемлекеттік арасында 71 орынға табан тіреді. Ал осыдан екі жыл бұрын еліміз 77 орында болған еді. Қазақстандағы кедендік рәсімдеу тиімділігі 21 сатыға жоғарылап, 2016 жылғы 86 орыннан 2018 жылы 65 орынға жоғарылады.  Ал жүктерді дер уақытында жеткізу бойынша Қазақстанның көрсеткіші 42 сатыға жақсарып,  2016 жылғы 92 орыннан биыл 50 орынға көтерілді. Еске сала кетсек, LPI - Дүниежүзілік банкінің логистикалық қызмет тізбегінің тиімділігін бағалаудың халықаралық рейтингі. Оның нәтижесі жалпы әлемдік халықаралық экспедиторлық компаниялар мен экспресс жеткізу қызметінің мәліметтеріне негізделеді. Дүниежүзілік банкі LPI Индексін  екі жылда бір рет шығарады. Ол өз кезегінде мемлекеттерге логистика жүйесінің мүмкіндігін таңдауға ыңғайлы болады. Айта кетейік, 2020 жылдары Қазақстан логистикалық қолайлы 40 елдің қатарына кіруге ниетті. Ол үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық логистикалық оператор ретінде тиісті инфрақұрылымды дамытып, кедендік ресімдеуді жеңілдетіп, тасымалдауға ақпараттық технологияны енгізуді көздейді. Оның сыртында, «Қазақстан темір жолы» компаниясы Қазақстанның ғаламдық нарықтағы бәсекелестігін өсіру үшін аралас жүктерді тасымалдау көлемін арттырады. Осы мақсатта темір жол мен әуекөлігімен аралас тасымалдау үшін жаңа көлік өнімі -  «Rail-Air» ұсынды.

Серіктес жаңалықтары