1175
Суға батқан кеме
Суға батқан кеме
АҚШ-тың Миссури штатында 31 жолаушысы бар экскурсияға арналған қайық апатқа ұшырап, салдарынан 17 адам қаза тапқан. Мамандар батып кеткендердің денесін судан шығарды. Апатқа байланысты ұйымдастырылған іздестіру операциясы аяқталған. Бұл туралы полиция өкілдері хабарлады. Ақ үй басшысы Дональд Трамп марқұмдардың туысқандарына көңіл айтты. Оқиға Тейбл-Рок көлінде болған. Әзірге қайықтың апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталған жоқ. Бірақ алдын ала дерек бойынша, мамандар қолайсыз ауа-райының кесірінен деп топшылап отыр.