Спортшылар Денис Тенді еске алды

Спортшылар Денис Тенді еске алды

Спортшылар Денис Тенді еске алды
ашық дереккөзі
336
Елорданың орталық паркінде өткен роликті шаңғыдан Астана кубогы сарапқа салынған VI сайыс белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алу шарасынан басталды. Оған Қазақстан мен Ресейден 150-ге тарта кәсіби спортшылар қатысты. Бұл жөнінде «ҚазАқпарат» ХАА ОО «ҚР шаңғы жарысы ұлттық федерациясы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Денис Тенді еске алу шарасында федерацияның бірінші вице-президенті Никита Девяткин шаңғышылар Денисті талантты, еліміз бен спортты шексіз сүйетін азамат ретінде жақсы білетінін жеткізді. «Оның өмірден ерте кеткені қабырғамызды қайыстырды. Ол тек дарынды мәнерлеп сырғанау шебері ғана болған жоқ, ол қысқы спорт түрлерінің елшісі ретінде құрмет төрінен көрінді», - деді ол. Денисті еске түсіріп қана қоймай, бәсеке барысында спортшылар бағындырған жеңістерін өмірден ерте өткен даңқты спортшының құрметіне арнайтынын айтып өтті. Үстіміздегі жылы роликті шаңғыдан Астана кубогы алтыншы мәрте өткізіліп отыр. Биылдан бастап бәсеке халықаралық деңгейге көтерілді. Жігіттер мен қыздар арасындағы алғашқы сайыс белсенді FIS-коды бар кәсіби сайыскерлер арасында болды. Шаңғы спортынан ұлттық құраманың бас менеджері Александр Батяйкин «Біз дәл осы жерде, Қазақстанда жоғары деңгейдегі осындай жарыс өткізуге мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Астана кубогын ұйымдастырушылар биыл бұл бағытта ауқымды жұмыстарды атқарды. Сондай-ақ, шаңғымен жарыс федерациясымен әріптестік байланыс орнатып, демеушілік көрсетіп жүрген басты әріптесіміз - «Самұрық-Қазына» АҚ, әлеуметтік әріптесіміз - «Samruk-Кazyna Trust», Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы, Ұлттық Олимпиада комитеті, «Диона» дүкендер желісі, «Пол Берри» дүкені, «Ski Club Astana» компаниясы және өзге де әріптестерімізге ризашылығымызды білдіреміз», - деді. Халықаралық сайыс барысында жігіттер арасында жоғары жетістікке Қазақстанның 44 алдыңғы қатарлы шаңғышылары арасынан Виталий Пухкало көтерілді. Екінші орын Константин Борцовқа бұйырса, үшінші орынға Олжас Климин ие болды. Қыздар арасында Валерия Тюленеваға ешкім тең келмесе, одан кейінгі орындарды Ксения Шалыгина мен Эльмира Мутагарова өзара бөлісті. Сондай-ақ, жігіттер арасындағы бәсекеге белгілі шаңғышы, Қазақстанның Паралимпиадалық құрамасының мүшесі Алексей Герлиц қатысты. Ол ұлттық құрама мүшелерімен қатарлас ойын көрсетті. Содан кейін әуесқойлар мен ардагерлер арасындағы бәсеке басталып кетті. Бұл сайыстағы ең егде қатысушы Анатолий Дараган болды. Шучинск қаласының 83-жастағы тұрғыны федерация тарапынан өткізілетін ашық сайыстарға тұрақты түрде қатысып келеді. «Біздер, ұлттық құрама бапкерлері мен спортшылар Астана кубогы арқылы алдымен жазғы мезгілдегі дайындық деңгейімізді бағамдайтын боламыз. Біз аталмыш жарысты алтыншы жыл қатарынан өткізуді дәстүрге айналдырып үлгердік. Бұл қателіктерімізді таразылап, бапкерлік қыземттегі жоспарларымызды нақтылауға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, жаңадан тәжірибе жинап жүрген жастардың деңгейіне назар аударамыз. Бұл бізге үлкен мүмкіндіктерге жол ашады», - дейді ҚР еңбек сіңірген шебері Николай Чеботько.

Серіктес жаңалықтары