266
Дональд Трамп АҚШ үкіметінің жұмысын тоқтатуы мүмкін
Дональд Трамп АҚШ үкіметінің жұмысын тоқтатуы мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп демократтар АҚШ-Мексика шекарасында дуал тұрғызуды қолдамаса, үкіметтің жұмысын тоқтатуы мүмкін.
«Лотерея ойындары мен қылмыскерлерді қудалау сияқты күнделікті әрекеттерді доғаруымыз керек. Көші-қон мәселесінің жаңа сатысына көтерілетін уақыт келді. АҚШ-қа әлемнің мықтылары ғана келетін болады», деп жазды Ақ үй басшысы өз твиттер парақшасында.
Еске сала кету керек, ол Мексикамен ортада қорған тұрғызу құрылысы туралы президентік сайлау алды науқаны кезінде айтқан еді. Мұндай шара Оңтүстік Америкадан келетін есірткі тасымалының жолын кесіп, заңсыз мигранттардың келуіне тосқауыл болады.
Айта кету керек, босқындардың отбасы мен балаларына қатысты заңнама ел арасында қарама-қайшылық тудырған еді.
«Мексика мен АҚШ шекарасында дуал болуы керек. Бұл елдегі қылмыс санын азайтады. Қазір демократтар бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінбей, менің жобамды қолдамай отыр. Алайда, алып қабырға құрылысы жүзеге асады. Біздің елімізге тек талантты, мықты азаматтар келуі керек»,-деді АҚШ президенті Дональд Трамп.