284
АҚШ президенті ешқандай талаптарсыз Иран президентімен кездесуге дайын
АҚШ президенті ешқандай талаптарсыз Иран президентімен кездесуге дайын
АҚШ президенті Дональд Трамп бір-бірлеріне ешқандай талап қоймастан, қарым-қатынасты жақсарту үшін Иран президенті Хасан Роуханимен кездесуге дайын.
"Мен кіммен болсын кездесемін, мен кездесулерге сенемін. Әсіресе соғыс пен өлім мүмкіндігі туындаған кезде", - деді Трамп 30 шілдеде Италия премьер-министрімен бірлесіп өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.
Кездесу үшін қандай да бір шарт қойылады ма деген сұраққа Трамп "Ешқандай алдын ала шарттар жоқ. Егер олар менімен кездескісі келсе, мен кез келген уақытта кездесуге дайынмын" деп жауап берді.
Иран лидерлері Трамптың ұсынысынан бірден бас тартпады. Осының алдында Трамп Иранмен 2015 жылы әлемдік державалар келісімінен бас тартып, жаңа ядролық келісімге келу жөнінде ұсыныс білдірген. Трамп Әлемдік державалар келісімінен биыл мамыр айында шығып кеткен. Роуханидің аға кеңесшісі Хамид Оналеби жаңа келіссөздер жүргізу үшін Құрама Штаттар 2015 жылғы келісімге қайта қосылу керек деді.
"Иран халқының құқығын сыйлау, әскери іс-қимылдарды қысқарту және ядролық келісімге оралу - бұл Иран мен Америка арасында келіссөзді жалғастыруға болатын қадамдар", - деп мәлімдеді Оналеби 31 шілдеде твиттер парақшасы арқылы. Трамп соңғы күндері Иран лидері соғыс сесін көрсетуіне қарамастан Вашингтон мен Тегеран арасында келіссөз жүргізуді ұсынып келеді.