Алматыда қаласында 13 мыңға жуық адам гепатит жұқтырған

Алматыда қаласында 13 мыңға жуық адам гепатит жұқтырған

Алматыда қаласында 13 мыңға жуық адам гепатит жұқтырған
ашық дереккөзі
249
Былтыр Алматы қаласында 12 747 адам гепатит жұқтырған. Оның ішінде 361-і науқас жұқпалы дертке алғаш рет шалдыққан Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады. «Шілде айының соңында дүниежүзінде Гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі. Өкінішке орай, Алматыда вирусты жұқтыру көрсеткіші жоғары. Сондықтан халықтың гепатит туралы сауатын арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды», - деді ол. Оның айтуынша, 2017 жылы Қазақстанда гепатитпен ауыратындар саны 70 мыңға жуықтаған. Ауруды жаңадан жұқтырғандар саны - 5 147 адам. Сарапшылар мәліметіне сүйенсек, әлемде созылмалы В гепатиті вирусын жұқтырғандар саны 250 миллионнан асады. Ал, С гепатитін 71 миллион адам жұқтырған. Өлім-жітімнің 96 пайызы гепатиттің дәл осы екі түрінен болады, дейді мамандар. Қазір A, B, D және E гепатитіне қарсы вакциналар бар. Өкінішке орай, олардың бағасын қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге жасалған жоқ. «Бүгінгі таңда гепатиттен қорғанудың ең тиімді жолы - екпе салдыру. Мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті арқылы азаматтарға қауіпті аурулардың, соның ішінде, гепатиттің алдын алуға мүмкіндік беріп отыр. Соңғы 25 жылда Қазақстанда В гепатитіне шалдыққандар саны 30 есе азайған. Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де екпе егу тәртібі өзгермейді. Қазақстандықтар вакцинаны сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамастан бұрынғыдай тегін салдыратын болады. «Балаларды гепатитке қарсы егу кестесі бар. Ең алғаш рет нәрестелерге туғаннан бастап 4 күнге дейін екпе егеді. Екінші рет 2 айлығында, үшінші рет төрт айлығында салынады. Сонымен қатар, медицина саласының қызметкерлері, қан құйдырған пациенттер сынды қауіп-қатер тобына жататындарға да вакцина салынуы мүмкін», - дейді Тілеухан Әбілдаев. Жалпы, вакцина мәселесінде жұртшылықтың пікірі екіге жарылғаны белгілі. Екпеге қарсылық білдіріп жүргендер олардың құрамында балаларды аутизм, диабет, склероз, бедеулік сынды ауруларға шалдықтырып, зейін қою қабілетін төмендететін заттар барын алға тартады. Алайда, ДДСҰ мәліметінше, дәл осы иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары