892
Бір тәндегі үшінші жүрек
Бір тәндегі үшінші жүрек
Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығының мамандары әлем бойынша алғаш рет бір адамға алдымен жасанды жүректі салды, артынан оны донорлық жүрекпен ауыстырды.
Дәрігерлердің мұндай қызметіне алпысты алқымбаған Құнанбай Абраев жүгінген. Алғашында толығымен жасанды жүрек салынға. Араға тоғыз ай салып, донор табылыпты. «Тоғыз ай бұрын ол донорлық жүрекке дайын болмады. Себебі бауыр, өкпе және тағы басқа органдарының функциясы нашарлап кетті.
Ал жасанды жүректі салғаннан кейін жағдайы жақсарды, өкпе артериясындағы қан қысымы да қалпына келді. Осындайда донорлық жүректі салуға болады. Сөйтіп, пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін біз донорлық жүректі іздеуге кірістік», - деді орталық басшысы Юрий Пя.
Жасанды жүректі донорлық жүрекпен алмастыру операциясы 12 сағатқа созылған. Әлем бойынша алғаш рет жасалған отаны шетелден 30 жуық дәрігер көруге келді. Қазіргі кезде Құнанбай Абыраевтың жағдайы жақсы. Өз күшімен жүріп, тұрады. Ал донорлық жүректі бір жас жігіттің туған-туыстары беруге келіскен.
Айта кетейік, өткен жылы қараша айында Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығы 60 жастағы ер адамға жасанды жүрек имплантанциясын жасаған болатын. Жасанды жүрек - «Carmat SA» атты француз компаниясының өнімі. Оның қазіргі бағасы - 1 млн еуро. Француз компаниясы өз аппаратын сынақтан өткізіп жатыр. Сол себепті бәрін тегін берді.
Абраевтың қазіргі жағдайы жақсы дейді мамандар. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Юрий Мя екінші әкем сияқты» деп қуанышын білдірген.