410
Бразилиядағы білімсіздік билікті алаңдатты
Бразилиядағы білімсіздік билікті алаңдатты
Бразилия жастарының білімі нашар екенін оқушылардан алынған емтихан нәтижелері көрсетіп отыр. Жүргізілген сараптамада оқушылардың 70 пайызы емтиханнан өте алмай, мектептен шығарылатынын көрсеткен.
Жоғары оқу орындары студенттерінің нәтижесі де көңіл көншітпейді. Мамандар мұның соңы халықтың жаппай сауатсыздығына алып келетінін айтып, дабыл қағуда.
Шәкірттердің басым бөлігі берілген тапсырмаларды қиналып шешсе де, 70 сұрақтың 10-15-іне ғана дұрыс жауап берген. Артынша оқушылар тапсырмалардың тым күрделі екенін айтып шағым білдіріпті. Вивиане дос Сантос есімді ғылыми қызметкер: «Мұғалімдердің жалақысы мардымсыз. Сондықтан олар балаға білім бергеннің орнына жеке мектептерді жағалап кеткен» деп мәселені майшаммен қарау керек екендігін айтса, педагог Рубия Оливейра: «Біз мәселені кезең-кезеңмен шешуіміз керек. Біріншіден, ұстаздардың еңбекақысын көтеріп, мектептегі футболды тыю қажет. Балалардың тәртібіне де ерекше мән берген абзал» дейді.
Статистика бойынша, бразилиялық оқушылардың 60 пайызы жоғары сыныпқа көшу емтиханынан сүрінеді екен. Ал әлемдегі ең білімді ел Финляндияда бұл көрсеткіш 6 пайызды құрайды.