246
Жергілікті полиция қызметінің басшысы жұмысынан кетті
Жергілікті полиция қызметінің басшысы жұмысынан кетті
Алматы қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Түскен рапорт бойынша Алматы қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы полиция подполковнигі Байкенов Жасұлан Құдайбергенұлы қызметінен босатылды", - деп хабарлады полициядағылар.
Байкенов құқық қорғау органдарындағы қызметін 2004 жылы Алмалы аудандық полициясында учаскелік инспектордың көмекшісі ретінде бастаған. 2007 жылдан бастап түрлі ішкі істер аудандық басқармаларында қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерін басқарды, метрополитен ІІБ басшысының және Түрксіб ІІБ басшысының орынбасары, Алматы ІІД әкімшілік полиция басқарма басшысының орынбасары болған. 2016 жылдың қаңтарынан бастап Алматы қалалық жергілікті полиция қызметін басқарды.
ЖПҚ басшысының міндетіне қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық орындар мен аула ішкі аумақтардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша бақылау жүргізу, учаскелік инспекторлардың, сондай-ақ ювенал полиция инспекторларының және жол-патрульдік полиция полкі инспекторларының жұмысын бақылау кіреді.
Сонымен қатар, Алмалы аудандық ІІБ ЖПҚ басшысы, полиция капитаны Серік Құмабековтың қызметтегі салғырттығы үшін орнынан босатылғаны анықталып отыр. Ол бұл бөлімшені 2017 жылдың сәуірінен бері басқарған.