Ресей АҚШ тауарларына салықтың жаңа бағасын енгізді

Ресей АҚШ тауарларына салықтың жаңа бағасын енгізді

Ресей АҚШ тауарларына салықтың жаңа бағасын енгізді
ашық дереккөзі
247
5 тамыздан бастап Ресей америкалық бірқатар тауарға импортқа салынатын баж салығының жаңа бағасын белгіледі. Бұның алдында АҚШ құрыш пен алюминийге баж салығының мөлшерін өзгерткен. Ресей соған жауап берді, деп хабарлады "Прайм" агенттігі. Жүк тасымалына арналған көлік түрлері, құрылыс техникасы, мұнай және газ құрал-жабдықтары, металл өңдеу инструменттері және басқа да тауарларға кедендік баж салығы өсті.​ Америкалық сауда шектеулерінен ресейлік экспортерлер 540 млн доллар шығынға ұшырайды деп есептелген. Ресейдің қосымша салықтары жылына 88 млн доллар болады. ​Дүниежүзі сауда ұйымы ережелері бойынша Ресей осындай мөлшерді енгізуге құқығы бар, деп түсіндірді Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Орешкин. Қалған 450 млн долларға салық үш жылдан соң немесе ДСҰ шешімімен енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары