Түркістан облысында жаңа екі аудан бой көтереді

Түркістан облысында жаңа екі аудан бой көтереді

Түркістан облысында жаңа екі аудан бой көтереді
ашық дереккөзі
472
Түркістан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында екі бірдей жаңа аудан бой көтереді. «Жеткіншек» елдімекенінің жанынан 120 гектар жер бөлініп, оған 221 млн теңгеге инженерлік-инфрақұрылым тартылған, деп хабарлайды Хабар 24. Аудандағы құрылысқа жауапты мамандардың айтуынша, бұл жерге 500-ге жуық үй түседі. Қазір онда 10 пәтерлі екі қабатты 2 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жақында тағы да 2 қабатты 92 пәтерлі 14 үйдің іргетасы қаланбақ. Одан бөлек, 1 қабатты 30 үй бой көтереді. Қазына қаржысына салынған жаңа баспаналар аудандық әкімдікте үй кезегінде тұрған жас мамандар мен жас отбасыларға, мұғалімдер мен дәрігерлерге және ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне беріледі. Ал екінші ауданның құрылысына 60 гектар жер бөлінген. Онда 200-ден аса жер теліміне инфрақұрылым тартылған. Ал қалған жер телімдері жекеменшік үй салушыларға беріледі. Жалпы Созақ ауданында жер теліміне кезек жоқ. Жаңа салынып жатқан үйлердің барлығына жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылады.  

Серіктес жаңалықтары