542
АҚШ-та 3 қазақстандық әйелді 20 жылға түрмеге отырғызуы мүмкін
АҚШ-та 3 қазақстандық әйелді 20 жылға түрмеге отырғызуы мүмкін
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен үш қыздың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
"Нью-Йоркте ұсталғандардың ішінде Қазақстанның үш азаматы - 1994, 1991 және 1970 жылы туған әйелдердің бар екенін растаймыз", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Дипломаттардың хабарлауынша, екі қыз қамауға алынды, 48 жастағы үшінші әйел денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
"Нью-Йорк штаты оңтүстік аймақ прокурорының мәлімдеуінше, олар 20-дан 30 жылға дейін сотталуы мүмкін", - дейді СІМ өкілдері.
Нью-Йорктегі Қазақстанның бас консулдығы ұсталған азаматтардың құқығын қорғау бойынша барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Еске сала кетейік, интернет арқылы раритет көліктерді сатуға байланысты алаяқты жасаған бір топ адамның ұсталғаны хабарланған еді. Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Шығынның жалпы көлемі - 4,5 миллион доллар.