681
Мектептерге жаңа Өлкетану пәні енгізіледі
Мектептерге жаңа Өлкетану пәні енгізіледі
Биыл қазан айынан бастап республика мектептеріне жаңа Өлкетану пәні енгізіледі. Интеграцияланған жаңа оқулықты 5-6-7 сынып оқушылары қазақ және орыс тілдерінде оқитын болады, деп хабарлайды 24.kz.
Кітаптың мазмұны Білім және ғылым министрлігі мен өңірлерде құрылған арнайы сараптамалық комиссияның тексерісінен өтіп мақұлданған. Жиырма сағаттық бағдарламада бала өз бетінше ізденуге бейімделеді. Құрастырушы 8 автордың айтуынша, Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалған кітап баланы патриоттыққа тәрбиелейді.
«Бұл оқулықтың білім саласына кіруіне ұйтқы болған - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Осы оқулықтың негізгі мақсаты - халықты, жастарды рухани дамыту. Себебі, бұл жерге 4 пән кіріп отыр. Олар -Тарих, Қазақ әдебиеті, География, Музыка пәндері. Бұл 4 пәнді алуының себебі -онда рухани кодымыз жатыр. Адами құндылықтарымыз жатыр», - деді баспахананың маркетинг басқармасы басшысы Бибіхан Шәкиева.