Доңызды қырған Қытай

Доңызды қырған Қытай

Доңызды қырған Қытай
ашық дереккөзі
577
Қытай Ауылшаруашылығы министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, африкалық доңыз обасы елдің солтүстік-шығысында орналасқан Ляонин провинциясында анықталған. Ауру 1 тамызда Шэньян қаласындағы мал қораның  бірінде тіркеліпті. Қазір инфекция аймағы қоршалып, доңыздарды қыру басталды, аумақты дезинфекциялау және залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр. Ветеринарлық және фитосанитариялық қызметінің мәліметінше, 47 шошқа оба жұқтырған, 8069-ы жойылды.  Сондай-ақ, хабарламада «ШАО вирусының генотип және генетикалық сипаттамасы, аурудың қалай туғаны туралы ақпарат жоқ. Инфекцияның бастамасы да анықталмаған», – делінген. Қытай –  доңыз етін ең көп пайдаланатын және тұтынатын елдердің қатарына кіретіні белгілі. Шошқаның африкалық обасы –жұқпалы вирустық ауру және ол қатерлі аурулар қатарына жатады. Доңыз обасының адам үшін қаупі жоқ, бірақ ауыл шаруашылығына үлкен зардап әкеледі. Себебі ол жазылмайды және оған вакцина әсер етпейді. Ауру таралуын тоқтату үшін тек қатаң шаралар қолданылады.

Серіктес жаңалықтары