315
Қажылық сапары басталды
Қажылық сапары басталды
Биыл Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі Қазақстан үшін 3000 адамға квота бөлді. Сапар шығыны бір адамға 4-5 мың АҚШ долларын құрамақ. Қажылардың алғашқы легі тамыздың 8-9 күні аттанып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады. Қазақстандық қажыларға ҚМДБ Қажылық комиссиясының шешімімен қызмет көрсетуге лайықты деп танылған 18 компания қызмет көрсетеді. Қасиетті орындарға Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан авиарейстер бағыт алады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан Есмахан: «ҚМДБ Қажылық миссиясы аталған компаниялардың қызмет көрсету сапасын жіті бақылайтын болады. Қажылық парызын өтеуге ниет білдірген отандастар арасында 16-дан 89 жасқа дейінгі азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-анасымен бірге жүретін болады. Биылғы жылдың ерекшелігі – қажылардың киім үлгісі бірдей болмақ», – деп мәлімдеді.