Каспийді кешкен браконьер

Каспийді кешкен браконьер

Каспийді кешкен браконьер
ашық дереккөзі
332
Өткен екі жылда Каспийде браконьерлікке қатысты 4 мың құқық бұзушылық анықталған. Балық қорына заңсыз қол сұғушылардан мемлекетке 125 миллион теңге кіріс түсіп, 58 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жайық-Каспий бассейніндегі бағалы балық қорын қорғау Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жүктелген. – Браконьерлерден 11 мың дана тыйым салынған ау-құралдар мен 600-ден астам жүзу көліктері тәркіленді. Соның нәтижесінде биыл тұңғыш рет Жайық өзенінің Индер ауданы тұсынан шоқыр шабақтары көрінді, – дейді аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов. Инспекция қызметкерлері бағалы бекіре тұқымдастардан өзге де балық түрлерінің өсіп˗жетілуін жіті қадағалайды. Әсіресе, жаз айларында өзендерден бөлініп қалған су айдындарындағы шабақтарды құтқару кешенді қолға алынған. Ал биыл Жайық-Каспий бассейні бойынша жайын, сазан, көксерке сынды балықтардың 12 млн 950 шабағы құтқарылып, Жайық және Қиғаш өзендеріне жіберіліпті.

Серіктес жаңалықтары