МЫТИЩИДЕ ТОП ЖАРҒАН ҚЫЗ

МЫТИЩИДЕ ТОП ЖАРҒАН ҚЫЗ

МЫТИЩИДЕ ТОП ЖАРҒАН ҚЫЗ
ашық дереккөзі
289
Ресейде өткен «Пироговский рассвет» халықаралық эстрадалық орындаушылар конкурсында қазақ қызы Сая Махамбет бас жүлдені жеңіп алды. Аталмыш байқау Мәскеу іргесіндегі Мытищи қаласында 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл конкурсқа осымен үшінші рет қатысып отыр. Ел намысын осы жолы әнші Сая Махамбет жоғары деңгейде қорғады. Ол «Қазақконцерт» ұйымының әншісі,  республикалық «Арай», «Жас қанат» байқауларының лауреаты атанған. Ресей жеріндегі бұл байқаудың алғашқы кезеңінде авторлық «Қазағымсың» әнін, шешуші ақтық сында Виктор Цойдың «Кукушка» әнін орындаған. Жоғары деңгейде өнер көрсеткен Саяны қазылар алқасы үздік деп тапқан. Биылғы конкурсқа жалпы 11 елдің орындаушылары қатысты. Үшінші болып сахнаға шыққан отандасымыз: «Мен шыққан кезде қатты жаңбыр жауды, екі әнімді айтып болған соң, жаңбыр тоқтай қалды. Бұл да бір жауған Алланың нұры деп есептеймін. Мені қолдаған барлық жандарға, туған-туыс, достарым, жолдасыма рахмет! Осындай жауапкершілікті жоғары деңгейде арқалап келгеніме өзімді бақытты сезінемін!», – деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.  

Серіктес жаңалықтары