Шалқар көлі тартылып барады

Шалқар көлі тартылып барады

Шалқар көлі тартылып барады
ашық дереккөзі
2702
Батыс Қазақстан облысының «інжу-маржаны» саналатын Шалқар көлінде ескекпен жүзу қиынға соғуда. Себебі оған экологиялық қатер төніп тұр. Орал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 100 шақырым қашықтықта орналасқан  көлдің суы күрт азайып кеткен. Мамандардың мәліметінше, 2 миллиард текше метр судан қазір тек 1 жарым миллиард текше метр қалған. Ұзындығы 18,5, ені 15 шақырымдық көлдің ені кей жерлерде 2 шақырымға дейін тартылған. Көксерке, табан сияқты балық тұқымдары мүлде жо­йылыпты. Сазан мен шортан балықтары  құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Осыған байланысты облыста арнайы комиссия құрылған. – Су азайғандығы, жалпы көлдегі судың тұзы көтерілуі, балдыр басып, судың жасыл түске боялуы секілді көптеген экологиялық мәселелер бар. Шалқар көлінің жағдайын жақсарту үшін ғылыми негіздеме жасауымыз керек. Ғылыми-биологиялық негіздеме жасау үшін облыстық бюджеттен қаржы бөледі, – деді облыстық табиғи ресурс­тар басқармасы басшысының орынбасары Махамбет Ықсанғали.

Серіктес жаңалықтары