306
Йеменде әуе шабуылынан 50 адам қаза тапты
Йеменде әуе шабуылынан 50 адам қаза тапты
Йеменнің Саада провинциясына жасалған әуе шабуылынан қаза тапқандардың саны 50 адамға жетті. Тағы 80-нен аса кісі түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz.
Халықаралық Қызыл Крест комитетінің мәліметінше жарылғыш зат аурухана мен базар маңына түсіп, жапа шеккендерге жедел жәрдем көрсетілді. Жергілікті биліктің айтуынша, әуе шабуылы Сауд Арабиясы басшылығымен ұйымдастырылған. Коалицияның бұл әрекетін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш сынға алып, зардап шеккендерге халықаралық ұйым атынан тез арада көмек көрсетілетінін жеткізді. Айта кеткен жөн, Йеменде азаматтық соғыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Мұнда бұрынғы президент Әбд Раббо Мансұр Хади жақтастары Сауд Арабиясы бастаған коалиция қолдауымен хуситтерге қарсы күресіп жатыр.